Пайдаланушы келісімі
Пайдаланушы келісімі
1. Пайдаланудың жалпы шарттары
1.1. Осы Пайдаланушы келісімі Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «DLS-Global KZ» (бұдан әрі – «Компания») мен антиплагиат жүйесінің «OySyn» сервисін пайдаланатын жеке тұлға (бұдан әрі – «Пайдаланушы») арасындағы қатынастарды реттейді.
2. Жалпы ережелер
2.1. Осы Келісімнің пәні – Компанияның Пайдаланушыға Сервисте тіркелу және оны пайдалану мүмкіндігін ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуі.
2.2. Сервис кез келген уақытта Пайдаланушыны алдын ала хабарламай-ақ өзгертілуі, толықтырылуы, жаңартылуы мүмкін; функционалдық мүмкіндіктерінің нысаны мен сипаты өзгеруі ықтимал. Осыған байланысты Сервис «бар күйінде» («as is») ұсынылады, яғни Пайдаланушылар Сервиске жүгінген сәтте Компания ұсынатын нысанда және көлемде. Компания өз қалауы бойынша Сервиске қолдауды (немесе оның жекелеген функцияларын) тұтастай барлық Пайдаланушылар үшін не жеке Пайдаланушы үшін уақытша немесе түпкілікті түрде тоқтатуға құқылы, бұл ретте алдын ала хабарлау міндетті емес.
2.3. Компания өз қалауы бойынша Пайдаланушының Сервиске және/немесе оның функционалына қолжетімділігін уақытша немесе түпкілікті түрде шектеуге не тоқтатуға құқылы.
3. Сервисте тіркелу шарттары
3.1. Пайдаланушы Сервисті осы Пайдаланушы келісімін жасасқаннан және тіркелгеннен кейін пайдалануға құқылы.
3.2. Кәмелетке толмаған Пайдаланушы Сервистің ақылы қызметтерін пайдаланғысы келген жағдайда, төлемді оның заңды өкілі жүзеге асырады немесе соңғысының келісімімен үшінші тұлға төлей алады.
3.3. Сервисте тіркелу тегін.
3.4. Сервисті пайдалану Пайдаланушының осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын сөзсіз қабылдағанын білдіреді.
3.5. Пайдаланушы тіркелу кезінде ұсынылатын ақпараттың дұрыстығы, өзектілігі және толықтығы үшін жауап береді.
3.6. Пайдаланушының есептік деректері (логин/құпиясөз) арқылы жасалған кез келген әрекет Пайдаланушының өзі не ол уәкілеттік берген тұлға жасаған деп есептеледі және мұндай әрекеттер үшін Пайдаланушыға міндеттер мен жауапкершілік жүктейді, оның ішінде осы Пайдаланушы келісімін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік.
3.7. Пайдаланушы Компаниядан да, үшінші тұлғалардан да жарнамалық ақпарат алуға келісім береді. Пайдаланушы Компания мұндай ақпараттың мазмұнын айқындамайтынын және ондағы материалдарда көрсетілуі мүмкін сілтемелер бойынша сайттардың мазмұны үшін жауап бермейтінін түсінеді және келіседі.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Пайдаланушының құқықтары:
4.1.1. Осы Келісімде көзделген талаптарды орындағаннан кейін Сервисті пайдалануға рұқсат алу.
4.1.2. Сервистің қолжетімді барлық функционалын пайдалану.
4.1.3. Сервисті осы Келісімде көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мақсаттарда және тәртіппен пайдалану.
4.2. Пайдаланушының міндеттері:
4.2.1. Сервисті оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану.
4.3. Компанияның міндеттері:
4.3.1. Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Пайдаланушыға Сервиске қолжетімділік қамтамасыз ету.
4.3.2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушы туралы ақпаратты жария етпеу және үшінші тұлғаларға бермеу.
4.4. Компанияның құқықтары:
4.4.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және осы Келісімнің шарттарына сәйкес келмейтін, не Компанияға немесе үшінші тұлғаларға зиян келтіретін материалдарды өңдеуге (редакциялауға) немесе жоюға.
4.4.2. Сыртқы құрылғылар, сондай-ақ Пайдаланушы құрылғысы мен жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы туралы техникалық деректерді қоса алғанда (бірақ олармен шектелмей), техникалық деректерді және оған байланысты ақпаратты жинауға және пайдалануға. Бұл ақпарат мерзім-мезгіл жиналады және Пайдаланушыға бағдарламалық жасақтама жаңартуларын, техникалық қолдауды және Сервиске қатысты қызметтерді (бар болған жағдайда) ұсынуды жеңілдету мақсатын көздейді.
4.4.3. Сервистің жұмысын жақсарту және тұрақтылығын арттыру мақсатында Пайдаланушының Сервисті пайдалануы туралы статистикалық және өзге де ақпаратты жинауға, сақтауға және өңдеуге.
5. Келісімнің күшіне енуі
5.1. Келісім Пайдаланушы Сервисте авторизациядан (жүйеге кіруден) өткен сәттен бастап күшіне енеді.
5.2. Осы Келісім Компания тарапынан кез келген уақытта, толықтай немесе ішінара, алдын ала арнайы хабарламай-ақ өзгертілуі мүмкін.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. Пайдаланушы Сервисте тіркелу кезінде ұсынылатын деректердің дұрыстығы үшін толық жауапты.
6.2. Осы Келісімді жасай отырып және жеке деректерін ұсына отырып, Пайдаланушы жеке деректерді жинауға және өңдеуге (жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға (оның ішінде талаптар қойылған жағдайда), нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға, ұсынылған жеке деректерді орналастыру/көрсетуге) келісім береді.
Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім
Осымен, антиплагиат жүйесінің «OySyn» сервисінің Пайдаланушысы ретінде, мен ЖШС «DLS-Global KZ»-ге (БСН 220740025709) (бұдан әрі – Компания) менің жеке деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
Осы келісім жеке деректерді жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзімге және қолданылатын заңнамада белгіленген мерзімдерге дейін жарамды.
Осы келісім Компанияға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке деректермен кез келген әрекеттерді (операцияларды) немесе осындай әрекеттердің (операциялардың) жиынтығын, оның ішінде автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып не оларды пайдаланбай, соның ішінде (бірақ олармен шектелмей) жинау, өңдеу, жазу, көшіру, сақтық көшірмесін жасау, қорғау, жүйелеу, жинақтау, Компанияда және оның шегінен тыс жерде сақтауды (қауіпсіздік пен құпиялық талаптарын сақтай отырып), үшінші тұлғаларға менің жеке деректерімді өңдеу құқығымен беруді, иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды жүзеге асыру құқығын береді.
Жеке деректерді жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде тарату және трансшекаралық беру көзделмейді.